Қазақстанның ТЖМ халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда. Әзербайжанмен Каспийдегі ТЖ жою бойынша өзара әрекеттестік орнатылды. Мұнай төгілулерімен күресуге маманданған «Теңіз Жасағы» бөлімшесі құрылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Алматыда Қазақстан-Қытай сейсмология орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды, мұнда тарихи деректер цифрландырылып, жер сілкіністерін болжау жұмыстары жүргізілуде.
Қауіпсіздік шекарасыз, бүгінгі күні ТЖМ оны нақты іс жүзінде дәлелдеп отыр.