Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағали Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды.
Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды» Ақорда
Асхат Жұмағали 1979 жылдың 19 тамызында Қостанай облысында туған.
2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 2001–2010 жж.: прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды — прокурор, Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры, ҚР Бас прокуратурасының тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Бас прокурордың аға көмекшісі;
- 2012–2014 жж.: төрағаның кеңесшісі, тергеу департаменті төрағасының бірінші орынбасары және қаржы полициясы агенттігінің тергеу департаментінің бастығы;
- 2014–2016 жж.: ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі;
- 2016–2018 жж.: ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры;
- 2018–2019 жж.: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары;
- 2019 ж.: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің басшысы;
- 2019–2021 жж.: Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің басшысы;
- 2021–2022 жж.: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы;
- 2022 жылғы 7 наурыздан бастап: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
- 2023 жылғы сәуірден 2025 жылғы шілдеге дейін: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2025 жылғы 30 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Антикор Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылып, қайта ұйымдастырылды.