Қазақстандық теннисші Нинбо қаласындағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

1375
Фотосурет: olympic.kz

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 8-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолинимен бетпе-бет келді.

Осыған дейін қарсыластар бес мәрте кездесіп, соның үшеуінде Паолини жеңген еді. Бүгінгі ойында бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте тағы екі брейкке қол жеткізді – 6:2. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 10 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді.

Елена Рыбакина финалда ресейліктер, әлемнің 10-ракеткасы Екатерина Александрова немесе рейтингіде 19-орындағы Диана Шнайдердің қай жеңгенімен чемпиондық атақ үшін таласады. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -