Алматы студенттері жасанды интеллект элементтері бар «ақылды жылыжай» жасап шығарды

1331
Фотосурет: Gov

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Ғаббас Баязитов, Георгий Шикин, Назим Алиев автоматтандыру үдерістері, сенсорлық бақылау және жасанды интеллект элементтері біріктірілген «ақылды жылыжай» прототипін ойлап тапты – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

IoT құрылғылары мен бағдарламалық жасақтаманың интеграциясының арқасында жылыжай микроклиматты, жарықтандыру мен суаруды өздігінен реттей алады. Жоба өсімдіктерді өсіру тиімділігін арттыруға және оны күтіп-баптауға адамның араласуын барынша азайтуға бағытталған.

Айта кету керек, жасанды интеллектті пайдалану деректерді талдауға, өсімдіктердің қажеттіліктерін болжауға және жағдайларды нақты уақытта бейімдеуге мүмкіндік береді.

«Бұл жоба студенттердің инновацияға деген ұмтылысының нәтижесі. Өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен студенттер өздерінің техникалық даярлықтары мен инженерлік ойлау қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсетті. Жобаны жасау барысында олар мұндай жүйеге деген сұранысты талдап, агротехника мен цифрландыру саласындағы заманауи технологияларды зерттеп, жылыжайдың жұмысын оңтайландыру үшін машиналық оқыту алгоритмдерін енгізді», – дейді жоба жетекшісі Шернияз Кабдушев.

Энергоүнемділік пен жүйенің тұрақтылығына ерекше мән берліген, жылыжай күн панельдерімен жабдықталған, ал бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі интернетке шектеулі қолжетімділік жағдайында да жұмыс істей алатындай етіп жасалған.

Студенттер жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта қашықтықтан бақылауға арналған мобильді қосымша жасап, сенсорлық жүйенің функционалын кеңейту көзделуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -