Журналистер Абай облысының әскери бөлімдерінде болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Аягөз гарнизонының артиллериялық бригадасына баспасөз турын ұйымдастырды.
Елордадан Аягөз қаласына журналистер әскери бортпен барды. Бұл жерде оларға ауқымды таныстыру бағдарламасы дайындалды.
10181 әскери бөлімінде олар оқу корпусын аралап, тренажер сыныбында, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторларының практикалық сабақтарында, Т-72 және БМП-2 танктерінен жаттығу атыстарын көрді. Одан басқа олар механик-жүргізушілер мен зеңбірекші-танк операторлары, жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын дайындау процестерімен танысты.
Қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне дайындау жүріп жатқан жауынгерлік машиналар паркінде мерзімді қызмет сарбаздары артиллериялық ұзын ұңғылы қаруға техникалық қызмет көрсетумен айналысты. Нұсқаушының басшылығымен олар зеңбіректің механизмдері мен түйіндерінің майлануын, сондай-ақ жарамдылығын тексерді.
«Оңтүстік» әскери қалашығында журналистер оның инфрақұрылымын және жеке құрамның тыныс-тіршілігі үшін жасалған жағдайларды қарап шықты. БАҚ өкілдері казармада, асханада және әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетілетін консультативтік-диагностикалық орталықта болды.
Бөлім қонақтарына жеке құрамды моральдық-психологиялық қолдаудың қолданыстағы жүйесі туралы тәрбиеші-офицерлер айтып берді. Журналистерге қарауылға түсер алдында сарбаздарға нұсқау беру және тәуліктік наряд ауысқаннан кейін психологиялық тренинг қалай өткізілетіні көрсетілді.
Оларға сарбаздармен тілдесуге де мүмкіндік берілді. «Айбалта» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысқан жауынгерлер қойылған міндеттерді орындау барысында алған тәжірибелері туралы айтты. Тілшілер «Сарбаз 2.0» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын және армия мектебінен өткендерге білім беру мен жұмысқа орналасу тұрғысынан қандай перспективалар ашылатынын білді.
Сарбаздардың бос уақыты қалай ұйымдастырылатынын да қонақтар репетицияға қатысып, көркемөнерпаздардың Республика күніне арналған концертті тамашалап көрді. Бөлімнің мұражайында олар мұқият сақталған жәдігерлерді, мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттерді қарады. Осы уақытта спорт кешенінде ұлттық мерекеге орай басшылық жауынгерлерге арнап спорттық сайыс, спартакиада ұйымдастырды.
Сарбаздардың қызықты әрі қарқынды қызметі мұқият тамақтануды қажет етеді. Асханада журналистер жауынгерлік оқу және дене шынықтыру сабақтары барысында жұмсалған энергияның қалай қалпына келетінін көрді.
Қоғамды толғандыратын мәселелерді көтеріп, түсіріп, көрсетіп, жеткізіп жүрген мамандар бөлімнің Жауынгерлік туы маңында кездесуден естелік ретінде суретке түсті.