«Адал азамат»: Қазақстан мектептері жаңа дизайн-код бойынша жаңарып жатыр

1639
Фотосурет: Gov

«Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңарып, ұлттық болмыс пен заманауи стиль үйлесім тапты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бірыңғай дизайн-код – тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі. Онда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен заманауи көркем шешімдер үйлесім тапқан. Мектеп қабырғалары Қазақстан табиғатының сұлулығын, тарихи тұлғалардың бейнесін, ұлы ойшылдардың қанатты сөздерін бейнелейтін муралдармен толықтырылады. Сондай-ақ, ортақ шрифт, түс және навигация жүйесі қарастырылып, мектеп кеңістігі бірыңғай эстетикалық және тәрбиелік бағытта жаңғыртылуда.

Кеңістік оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған: бастауыш сыныптарда – мейірім мен патриоттық тәрбиеге, орта және жоғары буында – пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке басымдық беріледі.

Жаңа дизайн-код алдымен «Келешек мектептерде», кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -