Қазақстандағы мектепке дейінгі балаларға еңбексүйгіштік пен жауапкершілікке баулу басталады

1265
Фотосурет: Gov

Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында 2025–2026 оқу жылында «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылуда. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету.

Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет арқылы түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.

Жоба аясында балалардың еңбекке деген қызығушылығы артады, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -