FlyArystan әуе билеттерінің ауқымды жеңілдік науқанын жариялады

1287
Фотосурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan өз маршруттық желісі бойынша әуебилеттерінің жаппай сатылымын жариялайды. Арнайы тарифтермен билеттерді 2025 жылғы 23–25 қазан аралығында сатып алуға болады, ал саяхат кезеңі 2026 жылғы 1 қаңтардан 15 наурызға дейінгі уақытты қамтиды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Науқан аясындағы билеттер саны шектеулі. Әуекомпаниясы билеттерді сатып алуды кейінге қалдырмауға кеңес береді – танымал бағыттар дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие және сатылымның алғашқы күнінде-ақ тез өтіп кетуі ықтимал.

Ішкі рейстерге билеттер бағытқа қарай 8 000, 10 000 және 12 000 теңгеден ұсынылады. Кері бағыттағы тарифтер де сол бағада қолжетімді, тек Ақтөбе – Ақтау бағыты бойынша 8 000 теңгеге белгіленген.

8 000 теңгеден:

  • Алматыдан – Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Өскемен қалаларына;
  • Астанадан – Шымкент, Қостанай, Семей, Өскеменге;
  • Ақтаудан – Атырауға;
  • Атыраудан – Ақтауға.

10 000 теңгеден:

  • Ақтаудан – Орал, Ақтөбеге;
  • Алматыдан – Қарағанды, Астана, Семейге;
  • Астанадан – Түркістан, Ақтөбе, Қызылордаға.

12 000 теңгеден:

  • Алматыдан – Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ақтау, Оралға;
  • Астанадан – Атырау, Ақтау, Оралға;
  • Шымкенттен – Атырау, Ақтауға.

Арнайы тарифтер (халықаралық бағыттар бойынша тарифтер жарияланған күнгі қолданыстағы айырбас бағамы бойынша теңгемен көрсетілген. Валюта бағамының өзгеруіне байланысты билет құнында аздаған ауытқулар болуы мүмкін) әуекомпания орындайтын барлық халықаралық рейстерге, оның ішінде 29 қарашадан бастап орындалатын жаңа Ақтау – Дубай бағытына да қолданылады.

  • Алматы – Инин 16 629 теңгеден, кері бағытта – 26 784 теңгеден;
  • Алматы – Кутаиси 38 044 теңгеден, кері бағытта – 38 340 теңгеден;
  • Астана – Кутаиси 37 620 теңгеден, кері бағытта – 38 340 теңгеден;
  • Астана – Ташкент 28 440 теңгеден, кері бағытта – 31 320 теңгеден;
  • Атырау – Кутаиси 29 380 теңгеден, кері бағытта – 27 270 теңгеден;
  • Ақтау – Кутаиси 26 780 теңгеден, кері бағытта – 27 270 теңгеден;
  • Ақтау – Дубай 61 340 теңгеден, кері бағытта – 63 714 теңгеден.

FlyArystan жолаушыларға қысқы және көктемгі сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді тарифтерді пайдалануға кеңес береді. Науқан аясындағы билеттерді ресми www.flyarystan.com сайтынан FlyArystan мобильді қосымшасынан немесе өзге де ресми сату арналары арқылы рәсімдеуге болады. Тариф құнына борттағы кездейсоқ орын және салмағы 5 кг, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қол жүгі кіреді. Әуекомпания билетті сатып алу кезінде қосымша қызметтерді онлайн рәсімдеу 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін еске салады.

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз эксплуатант сертификатын алып, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен рейстер орындайды. FlyArystan кең ауқымды маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -