ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.
Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе («VIP-1» – «VIP-6») қолданылған.
Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған.
Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген.
Нәтижесінде «Takorp» жобасына 117 қатысушы тартылған.
Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды.
Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.