Қазақстан аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтты

1507
Фотосурет: Gov

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жетекші халықаралық аккредиттеу ұйымдары ILAC және IAF Бас ассамблеясы барысында Қазақстан Республикасының ұлттық аккредиттеу органы – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (ҰАО) мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің аккредиттеу орталығы (GAC), және ҰАО мен Неміс аккредиттеу органы (DAkkS) арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған құжаттарға қол қойды.

Келіссөздер мен кездесулер нәтижесінде ҰАО бас директоры Искандер Хамитов пен GAC бас директоры Мотеб Альмезани екі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжат өзара сауда аясында аккредиттеу мәселелерін шешуге көмек көрсетуді, халал саласын қоса алғандағы аккредиттеу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасудағы ынтымақтастықты, бағалауларға қазақстандық сарапшылардың қатысуын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық аккредиттеу ұйымдары шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуды қамтиды.

Сондай-ақ екіжақты келіссөздердің жалғасы ретінде Неміс аккредиттеу органының (DAkkS) бас директоры доктор Стефан Финкемен кездесу өтті. Кездесу нәтижесінде ҰАО мен DAkkS арасындағы серіктестікті нығайтуға, аккредиттеу саласындағы тәжірибе, ақпарат және озық тәжірибелер алмасуды кеңейтуге және сәйкестікті бағалау органдарының құзыреттілігін арттыру бойынша бірлескен бастамаларды әзірлеуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол жеткізілген келісімдер аккредиттеу органдары мен Қазақстанның басым серіктес елдері арасындағы серіктестікті нығайту және практикалық өзара әрекеттесуді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

ILAC – зертханаларды аккредиттеу бойынша халықаралық ынтымақтастық, 118 елдің 116 аккредиттеу органын біріктіреді және зертханаларды аккредиттеу нәтижелерін өзара тану туралы келісімге (ILAC MRA) қол қойған;

IAF – сертификаттау саласында аккредитацияны өзара тану туралы келісімге қол қойған 101 елдің 86 аккредиттеу органын біріктіретін халықаралық аккредитация форумы (IAF MLA).

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредитация орталығы 2010 және 2013 жылдардан бастап осы екі ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -