Акушер-гинекологтар конгресі 2,6 мыңнан астам маманды біріктірді

1177
Фотосурет: Gov

Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, University Medical Center КҚ, «Назарбаев Университеті» ДББҰ, «Әйелдер денсаулығы» қазақстандық акушер-гинекологтар қауымдастығының және Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының қолдауымен Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің базасында ұйымдастырылған акушер-гинекологтар конгресі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ана мен баланың денсаулығын сақтауға елеулі үлес қосқан босандыру қызметі ардагерлері конгресінің шеңберінде «Мамандығына адал жандар» медалдары табысталды.

- Конгреске 2,6 мыңнан астам маман қатысты. Дәрігерлер акушерлік-гинекологиялық көмек пен гравидаралдық  дайындықты ұйымдастырудан бастап акушерлік, ұрық медицинасы, гинекологиялық эндокринология және балалар-жасөспірімдер гинекологиясындағы шұғыл жағдайларға дейінгі өмірдің барлық кезеңдеріндегі әйелдер денсаулығы мәселелерін талқылады.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары босану қызметі айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: нәресте өлімі 6,5 есе, ана өлімі 4,5 есе төмендеді. Бүгінде елімізде әйелдерді қолдаудың заманауи нысандары белсенді дамып келеді: әйелдер консультацияларының жұмысы қалпына келтірілді, қауіп тобындағы жүкті әйелдерге арналған «Салауатты Ана» пансионаттары құрылды, 22 Ұрықты сақтау орталығы және бір күндік 18 клиника жұмыс істейді.

- «Аналар саулығы» бағдарламасын іске асыруға 5,1 млрд теңге бөлінді, жүкті әйелдердің жағдайын мониторингілеу үшін 20 ситуациялық және оқу-тренингтік орталықтар ұйымдастырылды.

Тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Конгрестің шеңберінде ұрық хирургиясы бойынша мастер-класс өтті. В. И. Кулаков (Ресей) атындағы  ҰМЗИ-дан м.ғ. д. Кирилл Костюковтың басшылығымен фето-феталдық трансфузиялық синдромы бар құрсақішілік ұрыққа екі операция жасалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -