АлЭС-тің бірден 38 энергетигі бір күнде жаңа қоныс иесі атанды: пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсімі Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО мәжіліс залында өтті.
АлЭС АҚ әлеуметтік саясаты аясында жүзеге асырылатын компанияның тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылды.
- Бағдарлама 2024 жылы жұмыскерлерді қолдау, олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайту және өмірлік маңызды міндеттердің бірі – тұрғын үй сатып алуға көмектесу үшін әзірленді, – деді «АлЭС» АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ернар Сандыбаев. – Алдымен үміткерлерді іріктеудің нақты көрсеткіштері, басымдықтары, тұрғын үй алу шарттары әзірленді. Содан кейін өтініштер жинала бастады, барлығы 340 өтініш берілді, ал мамыр айында құрылған комиссия 38 үміткердің тізімін бекітті. Ағымдағы жылы шілде айында 1 миллиардқа жуық теңге сомасына пәтерлер сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Осы қаражатқа жайлы және жақсы инфрақұрылыммен ерекшеленетін «Qargaly city» және «Gate City» заманауи тұрғын үй кешендерінен пәтерлер сатып алынды. Жаңа баспана кілттерін табыстау ауқымды жобаның салтанатты қорытындысы болды. Бұл күн баспана туралы арманын жүзеге асыруға үміт артқан жаңа қоныс иелері үшін де, бүкіл ұжым үшін де үлкен мерекеге айналды. Жаңа қоныстанушылар қатарында компанияның әртүрлі өндірістік бөлімшелерінің мамандары бар. Олардың көпшілігі ұзақ уақыт бойы қаламыздың энергетикасы саласында жұмыс істеп келеді, алайда өз тұрғын үйлері болмаған.
Мысалы, жаңа қоныстанушылардың бірі - Владимир Утенков, энергетиктер әулетінің өкілі және 3-ЖЭО жұмыскері. Ол бұл салада 19 жылдан бері еңбек етіп келеді, оның отбасы үшін жаңа пәтер бірнеше ұрпақтың орындалған арманы. ОҚТО тепловозының машинисі Ақылбек Берішев те өте қуанышты. Ол 22 жыл бойы Талғардан күн сайын жұмысқа қатынағанын, ал қазір пәтері жұмысқа жақын екенін айтты. «Бұл бүкіл отбасым үшін үлкен бақыт», – деп қуанышымен бөлісті ол.

Жаңа баспана компаниядағы еңбек өтілі 20 жылды құрайтын, «Энергожөндеу» ӨЖК металдар және дәнекерлеу қызметінің ақаутабушысы Алмас Ержиеновтің де, «Энергожөндеу» ӨЖК учаскесінің шебері Сергей Быченконың да және электр цехының ауысым бастығы Александр Хомочкиннің отбасына да мол қуаныш сыйлады. А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО химиялық талдау зертханашысы Римма Мұсаева да қоныс тойын тойлауда. Ол станцияда он бес жыл жұмыс істейді және қазір өзінің жайлы үйінің барына қуанышты.
БЖК жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бастығы Дінмұхамед Клюков осы уақытқа дейін ата-анасымен бірге тұрған, ал қазір өз үйі бар. «АлЭС-пен армандар орындалады!»,- дейді жаңа қоныс иелері қуанышын жасырмай.
Пәтер кілтін алғандардың арасында 1-ЖЭО жұмыскері Айнұр Иембердиева, Бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармасының маманы Гүлмира Ерсариева, сондай-ақ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бас маманы Бауыржан Бектұров және жылдар бойы пәтер мәселесін шешуді күткен көптеген басқа да энергетиктер бар. – Біз үшін өндірісті дамытып қана қоймай, адамның өз жұмысына деген сенімділікпен мақтаныш сезімін тудыратын жағдайларды жасау да маңызды. Бұл пәтерлер – еңбегі мен мамандығына адалдық үшін алғыс, - деп атап өтті Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор Ернар Сандыбаев.
Энергетиктердің озық дәстүрін қалпына келтіріп, жұмыскерлерді әлеуметтік мәселелерде қолдай отырып, компаниямаңыз өндірістік мәселелерді шешеді: кадрларды тұрақтандыру, ынтасын арттыру, ұжымдағы корпоративтік рух пен сенімді нығайту.

– Биыл тұрғын үй бағдарламасын енгіздік және біздің адамдар үшін оның қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз. Біз келесі жылы оны міндетті түрде жалғастырамыз, - деп уәде берді «АлЭС» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Әсел Арғынбаева. – Біз сондай-ақ жас мамандарға АлЭС-те қалып, ұзақ жылдар бойы бізбен бірге жұмыс істеуі үшін жеке квота бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағдарлама әлеуметтік қолдау аясын кеңейтті. Ол қамқорлықтың белгісі және компанияның адамдарды жоғары бағалайтындығының дәлелі. Жұмыскерлердің қалаға күнделікті беретін энергиясы оларға жылулықпен, жайлылықпен және ертеңгі күнге деген сенімділікпен оралды. Көптеген жаңа қоныс иелері үшін бұл күн - армандар, жоспарлар туындаған және шаңырағында шаттық орнаған өмірдің жаңа тарауының бастамасы. Бұл шара сонымен бірге, Жұмысшы мамандықтар жылы деген Президент бастамасын іске асыруға қосқан үлес болды.

Елімізде жұмысшылар элитасын қалыптастыру міндеті – адамдардың тұрғын үй мәселелерін шешу, сонымен қатар кәсіби шеберлік деңгейін арттыру – аса күрделі, көп қырлы және басым мәселелердің қатарында. АлЭС-те осы екі мәселені шешудің оңтайлы тетігі табылды.