Аида Балаева көрнекті мәдениет және БАҚ қызметкерлерін марапаттады

1320
Фотосурет: Gov

Астанада Республика күніне орай мәдениет және ақпарат саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті.

Іс-шара барысында министр ел үшін айтулы мерекелердің бірі – Республика күнімен құттықтады. Биыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толды. Министр бұл тарихи құжат Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, ел еркіндігінің бастауы болған асыл арманның айғағы екенін атап өтті.

«Бүгін Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Олардың қатарында халықпен ете жұмыс істеп жүрген қарапайым еңбек адамдары да бар.
Бұл марапат сіздердің көпжылдық еселі еңбектеріңіздің лайықты бағалануы деп білемін. Өйткені біріңіз ақпарат айдынында аянбай еңбек етіп, халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрсеңіздер, ал енді біреулеріңіз өнер саласы арқылы еліміздің рухын көтеріп, мәдени мұраларымызды жаңғыртуда зор еңбек етіп келесіздер» Аида Балаева

Марапат иелерінің қатарында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы, Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының және басқа да мәдениет мекемелерінің қызметкерлері бар.

Сонымен қатар «Хабар» агенттігі, «Qazaqstan» телеарнасы, республикалық «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінің, Ұлттық академиялық кітапхана және басқа да ұйымдардың қызметкерлері елеусіз қалмады.

Салтанатты рәсімнің соңында еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдары өнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -