Тоқаев Александр Ван дер Белленді Австрияның ұлттық күнімен құттықтады

1309
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -