FlyArystan Түркістанда мыңдаған қатысушымен бірге жүгіру маусымын қорытындылады

2079
Фотосурет: FlyArystan

FlyArystan лоукостері Қазақстанның рухани астанасында өткен Turkistan Marathon жарысының ресми әуе серіктесі болды. Іс-шараға орай әуекомпаниясы дәстүр бойынша марафон қатысушыларына – арнайы промокод арқылы әуебилеттеріне 30% жеңілдік ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жыл бойы FlyArystan еліміздегі ең ірі жүгіру жобасы – Almaty Marathon-ның ресми серіктесі ретінде қолдау көрсетті. Ерекше серіктестік аясында әуекомпаниясы Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon, Almaty Marathon және Turkistan Marathon жарыстарына қатысушыларға арнайы тарифтер ұсынып, Қазақстан өңірлерін байланыстыруға және мыңдаған жүгіру жанкүйерлерін шабыттандыруға үлес қосты.

Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті:

«Turkistan Marathon сияқты бастамалар біздің саяхаттауды қолжетімді етіп, адамдарды жаңа көкжиектерді ашуға шабыттандырудағы миссиямызды айқын көрсетеді. «Бірінші болу – батылдық» қорымен серіктестігіміз – белсенді өмір салтын және ішкі туризмді дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға ұмтылысымызды көрсетеді. Бұл – біздің осы құндылықтарды бөлісетін адамдарға деген ризашылығымыздың белгісі. Әсіресе, FlyArystan үжымының жүгіруге әуес қызметкерлері елдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылармен бірге осы спорттық мерекенің рухын сезінгені ерекше қуантады».

Алматы, Астана және басқа қалалардан келген спортшылар маусымның соңғы марафонына қатысу үшін Түркістанға ыңғайлы әрі тиімді ұшып келді. Биылғы шараға 20-дан астам елден 3000-ға жуық жүгіруші қатысты. Марафон аясында FlyArystan өз бренд аймағын ұйымдастырып, қонақтарға интерактивті белсенділіктерге қатысу және фирмалық сыйлықтарға ие болу мүмкіндігін ұсынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -