Қазақстан рухани дипломатия арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

1177
Фотосурет: ©️ Н.Байбулин/Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенатында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезін қорытындылауға арналған салтанатты жиын өтті. Оған Съезді ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ, еріктілер қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Мәулен Әшімбаев қатысушыларға ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бірегейлігіне назар аударды. Ол бүгінгідей күрделі геосаяси ахуал және жаңа сын-қатерлер жағдайында Қазақстан Съезд алаңында түрлі конфессия өкілдері арасындағы диалог пен өзара іс-қимылдың озық үлгісін көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының бейбітшілікті сақтауға және конфессияаралық диалогты нығайтуға арналған тапсырмаларын іске асыруда барлық қазақстандықтың жұдырықтай жұмылуы ерекше рөл атқаратынын тілге тиек етті.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету мәселелерін ашық талқылайтын бірегей алаң ретінде қалыптасқанын үнемі айтып келеді. Биыл қыркүйек айында Астанада өткен VІІІ Съезд халықаралық делегация тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл барлық мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жұмысы мен қосқан үлесінің нәтижесі екені анық», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата Спикері Мемлекет басшысының әлемдік деңгейде рухани дипломатияны ілгерілету жөніндегі бастамаларына тоқталды. Бұл ретте дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтудың, климаттық өзгерістерге және басқа да жаңа сын-қатерлерге қарсы күрестің басым бағыттары сөз болды.

Суретті түсірген: Н.Байбулин

Суретті түсірген: Н.Байбулин

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІІ Съезінде сөйлеген сөзінде дін лидерлерінің климаттық өзгерістерге қарсы күрестегі рөлі туралы бірлескен құжат әзірлеуді ұсынды. Онда рухани дәстүрлерге негізделген экологиялық жауапкершіліктің жалпы қағидаттары бекітіледі. Сондай-ақ рухани көшбасшылардың, ғалымдар мен сарапшылардың тұрақты диалогын ұйымдастыруға ерекше мән берілді. Президентіміз заманауи цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдалану үшін Жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құру жөнінде де бастама көтерді. Съезд Хатшылығы серіктестермен бірлесіп, осы бағыттар бойынша тиісті жұмыстарды қолға алды», – деп, Мәулен Әшімбаев барлық мүдделі тарапты аталған бастамаларды сапалы іске асыру үшін күш біріктіруге шақырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезін ұйымдастыруға және жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сенатта өткен салтанатты жиын барысында оларды Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев тапсырды. Атап айтқанда, Сенат Аппараты бөлімінің басшысы Нұргүл Мауберлинова – «Парасат» орденімен, Сенат Аппараты бөлім басшысының орынбасары Маржан Ғалиева және Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары Азамат Сәрсембаев – «Құрмет» орденімен, Сенат Аппараты бөлім басшысының орынбасары Қанат Манабаев және Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Лаура Ширимбаева – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ, Инженерлік орталықтың сектор меңгерушісі Нұрсұлтан Байбулин «Шапағат» медалімен наградталды. Сонымен қатар Сенат Аппаратының қызметкерлеріне, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, еріктілер мен белсенділерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы, Сенаттың Құрмет грамоталары және Съезд Хатшылығы басшысының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Айта кетейік, биыл Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІІ съезі аясында алғаш рет БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлескен арнайы сессия өткізілді. Онда қатысушылар тарихи сананы, мәдени әралуандықты және адамзаттың рухани мұрасын сақтау жолында діни нысандарды қорғау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Жас діни лидерлердің II форумы, сарапшылар дөңгелек үстелі және түрлі тақырыптарға арналған панельдік сессиялар ұйымдастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -