Абзал Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды

1727
Фотосурет: Gov

Абзал Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысының тиісті өкімі туралы ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі таратты.

«Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды» Ақорда

Абзал Нүкенов 1978 жылдың 21 шілдесінде Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Республикалық «Отан» саяси партиясының Орталық аппаратындағы идеологиялық жұмыс бөлімінің консультанты ретінде бастаған.

2006–2009 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болды.

2016–2018 жылдары Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметін атқарды.

2019–2022 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Абзал Нүкенов 2025 жылдың наурыз айынан бері Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарып келген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -