Қазақстан технология мен креативті біріктірген алғашқы аудандық IT орталығын ашты

1386
Фотосурет: Gov

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласында Қазақстандағы алғашқы аудандық креативті Esil.AI атты IT-орталық ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бастама аймақтық Qyzyljar Creative Center хабының бірыңғай желісінің аясында жұмыс істейді.

Орталықтың мақсаты – ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру, IT-кәсіпкерлікті дамыту және жаңаша ойлауды қалыптастыру.

Esil.AI орталығы – ауыл халқын креативті экономикаға тартуға, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған Digital Keruen өңірлік жобасының бір бөлігі.

IT-орталық аудандық кітапхана ғимаратында орналасқан және жалпы ауданы 134 шаршы метр болатын екі қабатты қамтиды. Кеңістік ноутбуктармен, интерактивті панельмен, оқу дронымен, 3D-принтермен және курстар, хакатондар мен тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған жабдықтармен жасақталған.

Esil.AI орталығында қазірдің өзінде жасанды интеллект (AI), цифрлық сауаттылық, негізгі компьютерлік дағдылар, дизайн және креативті мамандықтар бойынша курстар басталды.

Оқыту кезең-кезеңмен, базалық деңгейден бастап, жоғары деңгейге дейін жүргізіледі. Болашақта онлайн-курстар мен көшпелі шеберлік сабақтарын іске қосу жоспарланған. Жобаға ауыл тұрғындарының барлығы қатыса алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -