Алматы чемпиондарды қарсы алады: Қазақстан құрамасы Азия ойындарынан жүлдемен оралды

1221
Фотосурет: ҚР ҰОК

Жағажай волейболынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтын және қола медальдарын еншілеп елге келе жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ел чемпиондары мінген ұшақ Алматы әуежайына бүгін сағат 17:20 қонады.

Қазақстан волейбол федерациясы барлық жанкүйерді, спортшылардың ата-аналарын, достарын және БАҚ өкілдерін саңлақтарымызды бірге қарсы алуға шақырады.

Жарқын ойын, жеңіске деген ерік-жігер танытып, еліміздің мақтанышына айналған чемпиондарымызға құрмет көрсетейік!

Волейболшыларға жылы сөздер арнап, қолдау көрсетуден айнымайық!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -