ҰҚК өңірлік қоғамдық даму басқармасындағы жемқорлық фактілерін тергеуде

1166
Фотосурет: freepik.com

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысыныңбірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңгебюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде.

Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда ұсталуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -