Алматыда Қазақстанның жағажай волейболы құрамасын салтанатты түрде қарсы алды

1397
Фотосурет: Қазақстан Волейбол Федерациясы

Бахрейнде өткен Азия ойындарында жағажай волейболынан ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасын Алматы әуежайында жанкүйерлер сән-салтанатпен қарсы алды. Жаттықтырушылар, спорт федерацияларының өкілдері чемпиондарға айрықша құрмет көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ер азаматтардан жасақталған ұлттық құрама қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Финалда біздің спортшылар Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жұбы Таиланд командасын есебімен 2:0 жеңіп, (21:15, 23:21) тұғырға көтерілді.

Әйелдер құрамасы да осалдық танытқан жоқ: Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет жұбы жоғары ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдені суырып алды. Бұл жетістік еліміздегі әйелдер жағажай волейболының дамуына оң әсер ететін маңызды қадам.

Қазақстан волейбол федерациясының өкілдері бұл жеңіс жүйелі дайындықтың, жаттықтырушыларға жан-жақты қолдау көрсету мен спортшылардың табандылығының жемісті нәтижесі деп атап өтті.

Өз тарапынан жеңімпаздар қошемет көрсеткен барлық жанкүйер мен спорт жанашырларына ризашылықтарын жеткізіп, байрақты додадаларда ел сенімін ақтауға бар күштерін салатындарын айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -