Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында елордалық боксшы Санжар Матасов қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл кезеңде Санжар Өзбекстан спортшысы Диёрбек Муродилоевпен кездесті.
Өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Матасов турнирді үшінші орынмен аяқтады.