2025 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметтіжүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы No 192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №65 қаулы қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қаулыда микроқаржы ұйымының (бұдан әрі – МҚҰ) негізгі борыш, несие портфелінің жалпы сомасында күнтізбелік 90 күннен астам есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек үлесіне лимит мәнін:
- қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап - 15%-дан артық емес (ағымдағы сәтте лимит 20% аспайтын деңгейде белгіленген);
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10%-дан артық емес кезең кезеңмен төмендету көзделеді.
Сонымен қатар, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында пруденциялық нормативтер мен МҚҰ сақтауы мiндеттi нормалар мен лимиттердiң тізбесіне борыш жүктемесінің коэффициенті енгізілді.
Өзгерістер 2025 жылғы 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулының толық мәтінімен агенттіктің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.