Ұландық спортшы пауэрлифтингтен Еуразия чемпионатында алтын алды

1287
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астанада пауэрлифтингтен өткен Еуразия чемпионатына 15 елден 150-ден астам үздік спортшы қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының әскери қызметшісі, құпия ақпаратты техникалық қорғау орталығының қызмет бастығы, аға лейтенант Дінмұхамед Мұхтарханов лайықты өнер көрсетті.

Ұландық офицер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде "Жатып штанга көтерудің халықтық тәсілі" пәні бойынша 1 орын алып, дене шынықтыру мен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсетті.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің жеңісі ұландықтардың қызметте ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі спортта да табысты екендіктерін көрсетті. Сондай-ақ, мақсатқа ұмтылыстың, асқақ рух пен қызметтік шеберліктің үлгісі болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -