«Қазгидромет» еліміздің бірнеше өңірінде аяз, тұман және күшті жел күтілетінін хабарлады

1606
Фотосурет: wirestock/freepik.com

«Қазгидромет» РМК солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 қазан күні еліміздің бірқатар аймақтарында қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі.

  • өрт қаупі Қазақстан аумағының басым бөлігінде сақталады;
  • орталық және солтүстік аймақтар 23-28 м/с-қа дейін қатты жел, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста түндежәне таңертең тұман, күндіз қатты жел және шаңды дауыл болуы ықтимал;
  • елдің батысында түнде және таң атқанда тұман басады.

Дауылды ескертулер сақталады:

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Талдықорған қ.: жоғары өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, тау асуларында 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ: оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Өскемен қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында 2 градус үсік күтіледі.

Талдықорған қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 2 градус үсік күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең  Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Атырау қ. түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -