Ақтөбеде жаңа мәдени-спорттық «Алтын Орда» кешені бой көтеріп жатыр

1639
Фотосурет: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбеде ауқымды үш ірі жоба – драма театр, стадион және спорт кешенініңқұрылысы басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үшеуі де ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Аталған нысандар облыс орталығындағы Алтын Орда ықшам ауданында орналасатын «Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығының құрамына енеді. Бұл орталық қаланың сәулеттік келбетіне көрік беріп қанақоймай, өңір тұрғындары мен қонақтары үшінжаңа тартымды орынға айналмақ.

Облыс әкімі Асхат Шахаровты қала әкіміАзамат Бекет өңірдегі ірі нысандардың бірі – заманауи «Алтын орда» әлеуметтік-іскерлікорталығының құрылыс жобасыментаныстырды. Азамат Бекеттің айтуынша, орталықтың жалпы аумағы 165,8 гектардықұрайды және ол өңірдің мәдени, спорттықжәне қоғамдық өмірін жан-жақты дамытуғабағытталған.

«Орталық құрамында 700 орындық облыстық драма театры, 34 980 көрерменге арналған стадион, 5 000 орындықкөпфункционалды спорт кешені, сондай-ақ қонақүйлер, сауда және ойын-сауықорталықтары, білім беру мекемелері мен Қазақстан картасының пішінін бейнелейтін«Алтын орда» саябағы салынбақ» Азамат Бекет

Барлық нысан өзара үйлесімді түрдебіріктіріледі. Орталық айналасында демалыспен серуендеуге арналған абаттандырылғанаймақтар жасалып, шағын аудан тұрғындарыүшін қолайлы және тартымды орта қалыптасады.

«Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығытуристік кластер ретінде қарастырылып отыр, мұнда барлық әлеуметтік нысанорналастырылады. 59 гектар аумақта саябақсалынып, демалысқа барлық жағдайжасалады. Бизнеске арналған қонақүйлер, сауда үйлері және басқа да коммерциялықнысандар үшін жер телімдері арнайы комиссия арқылы бөлінеді, бұл аумақтың инвестициялықтартымдылығын арттырады.

Жер телімінің аумағы мен орналасуы бізүшін өте тиімді. Егер нысандар қаладан тыссалынса, логистика мен шығын жағынанқиындықтар туар еді. Ал қазіргі таңда құрылысжүріп жатқан жер – қаланың дәл ортасында, қарқынды дамып келе жатқан «Алтын орда» шағын ауданында орналасқан. Бұл өтеыңғайлы, себебі барлық қажеттіинфрақұрылым бар және бұл орын стадион салуға да, оның айналасында бизнестідамытуға да қолайлы. Жалпы аумақ шамамен180 гектарды құрайды, оның бір бөлігіинженерлік инфрақұрылымға, ал қалған 168 гектары әлеуметтік және коммерциялықнысандарға бөлінеді», – деп атап өтті облысәкімі.

Құрылыс басқармасының басшысы ЕржанМұздыбаевтың мәліметінше, орталықаумағында үш ірі нысан – облыстық драма театры, көпфункционалды спорт кешені жәнефутбол стадионының құрылысы қарқынды. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкесатқарылуда.

Жаңа драма театры 700 орынға шақталған.Құрылыс жұмыстары қазан айының басындабасталды. Дайындық және бетон құюжұмыстары аяқталып, қазір арматуралыққаңқасы бар іргетас орнатылуда.

5 мың көрерменге арналғанкөпфункционалды спорт кешені 6,1 гектар аумақта салынып жатыр. Нысан аумағы толыққоршалып, алаңды дайындау және іргетасқаарналған шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде.

34 980 орындық футбол стадионы 25 гектар аумақта бой көтермек. Қазіргі уақыттааумақтың қоршауы аяқталып, құрылысқадайындық жұмыстары жалғасуда.

Өңір басшысы жобалық-сметалыққұжаттама дайын екенін де атап өтті. «Ақтөбебұрыннан заманауи үлкен стадионға лайық. Мұнда балалар мен жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалады. Алдағы бірнеше жылда облыс орталығында болашақ чемпиондар жаттығатын заманауи спорт аренасы пайда болады», – деді Асхат Шахаров.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -