Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімшілік шаралардың орындалуына бақылауды күшейтуде

1232
Фотосурет: Gov

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аппарат басшысы Сергей Лидің төрағалығымен өткен кеңесте 2025 жылдың сегіз айындағы субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша комитеттер мен аумақтық бөлімшелердің жұмысының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңеске Балық шаруашылығы, Жер ресурстарын басқару, АӨК мемлекеттік инспекция, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеттерінің басшылары, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің өкілдері қатысты.

Негізгі назар әкімшілік істерді қарау нәтижелерін, хаттамалар толтыру мен айыппұлдарды өндіру шараларын көрсететін көрсеткіштердің серпінін талдауға аударылды.

Кеңеске қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және орталық аппарат пен өңірлер арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Жиналыс қорытындысы бойынша Аппарат басшысы комитеттердің бірінші басшыларына субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту тәжірибесін қосымша талдауды, сондай-ақ осы саладағы жұмыстың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеуді тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -