Петропавлда «Вейпті тапсыр – денсаулықты таңда» акциясы өтті

1331
Фотосурет: Gov

«Заң мен Тәртіп» концепциясын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Полиция департаментінің қызметкерлерімен және жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, 2025 жылғы 30 қазанда «Вейпті тапсыр – денсаулықты таңда» атты кең ауқымды акция ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

​Акция алаңы ретінде Петропавл қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ облыстың әр ауданындағы ірі дүкендер мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңдалды.

​Акцияның мақсаты – электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) айналымы саласындағы әрекеттердің құқыққа қарсы екенін құқықтық тұрғыдан түсіндіру, халықтың сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтарға қолдарындағы «вейптерді» және олардың жиынтықтауыштарын өз еркімен және салдарсыз тапсыруға мүмкіндік беру.

​Акция аясында Петропавл қаласында және облыстың барлық аудандарында электрондық «вейптерді» ерікті түрде тапсырудың 16 пункті ұйымдастырылды.

​Ерікті түрде 109 электрондық тұтыну жүйесі мен олардың жиынтықтауыштары тапсырылды. Әрбір қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

​Өткізілген акция құқық бұзушылықтардың алдын алуда ғана емес, сонымен қатар қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтуда, халықта жауапкершілікті қалыптастыруда және жалпы денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады.

​Облыс прокуратурасы шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сату және тарату немесе оларды сату немесе тарату мақсатында айтарлықтай мөлшерде сақтау, жөнелту, тасымалдау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабы бойынша бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -