Дипломаттардың дипломатиялық емес шайқастары

1826
Фотосурет: Арлан Олжабай

2025 жылғы 2 қарашада Астанада KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған Diplomatic Chess Cup 2025 шахмат турнирі өтті. Турнир «Diplomatic Club Astana» командасының сенімді жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фотосурет: Арлан Олжабай

Бұл команда құрамында Әлім Молдашев пен Ильхан Өмірәлі өнер көрсетті.

Diplomatic Chess Cup 2025 турниріне дипломатиялық қызмет өкілдері мен қызметкерлері, сондай-ақ экономика, әлеумет, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық үшін құрылған әртүрлі мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдардың (үкіметаралық және үкіметтік емес) өкілдері және олардың жақын туыстары (балалары, жұбайлары, ата-аналары) қатысуға рұқсат етілді.

Фотосурет: Арлан Олжабай

2 қараша күні Астанада жеңімпаз кубогы мен 1,5 миллион теңгелік жүлде қоры үшін 16 команда бақ сынасты, әр команда екі ойыншыдан тұрды. Олардың ішінде ФИДЕ рапид рейтингтері бар тек үш қатысушы болды: Әлім Молдашев («Diplomatic Club Astana») – 1574, Әсия Ахметова («Deutschland-1») – 1557 және Арсен Сағатов («MFA Kazakhstan») – 1539.

Командалар құрамында өткен жылғы турнир қаһармандарын жаңа серіктестерімен бірге көре алдық: Василий Велькер («Queen under cover»), Арсен Сағатов («MFA Kazakhstan»), Айбат Қабдылманап («Guest Hunters») және Умар Юнусзода («Istiqlol»). Сондай-ақ мұнда ҚР СІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі, белгілі тревел-блогер Яков Фёдоров («Addis Ababa») да болды.

Фотосурет: Арлан Олжабай

Турнирдің салтанатты ашылуында KazChess/ҚФШ бірінші вице-президенті Дармен Садуақасов: «Қазір бүкіл әлемде шахматқа деген қызығушылықтың жарылыс тәрізді өсуі байқалады, және Қазақстан – осы үдерістің ең белсенді ұйымдастырушылары мен қатысушыларының бірі. Біз үшін Diplomatic Chess Cup дәстүрлі іс-шараға айналғаны қуанышты жайт. Мұнда дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінен құралған командалар, әртүрлі елдер мен ұйымдарды таныстыратын командалар қатысады. Иә, бұл – спорттық жарыс, мұнда жүлде қоры бар, бірақ бастысы – жүлде де, ақша да емес, біз қалыптастырып жатқан достық пен ынтымақтастық рухы», - деп ерекше атап өтті.

Фотосурет: Арлан Олжабай

Жарыс «қабырғаға қабырға» форматында, швейцар жүйесі бойынша 7 турда, рапидте 10+5 (әр партияға 10 минут және әр жүрістен кейін 5 секунд қосылады) уақыт бақылауымен өтті.

Фотосурет: Арлан Олжабай

Финишке дейін екі тур қалғанда, 10 командалық ұпай жинаған «Diplomatic Club Astana» командасы көш бастап тұрды (жеңіс – 2 ұпай, тең ойын – 1 ұпай, жеңіліс – 0 ұпай) және қарсыластарынан 4 ұпай алда болды. Яғни, турнир жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз ету үшін тең ойын жеткілікті еді. Солай болды да: 6-шы турда көшбасшы команда «Deutschland-1»-мен тең түсті, бұдан кейін тек 2 мен 3-ші орын тағдыры шешілді:

1. «Diplomatic Club Astana» – 11 командалық ұпай; 2–4. «MFA Kazakhstan», «MONUS» және «Addis Ababa» – 8 ұпайдан; 5. «Deutschland-1» – 7.

Соңғы турдағы көшбасшылар матчтарының нәтижелері: «Diplomatic Club Astana» ½–1½ «Addis Ababa», «Deutschland-1» ½–1½ «MONUS» және «Indian Embassy» 1–1 «MFA Kazakhstan». Қорытынды кесте келесідей болды:

Diplomatic Chess Cup 2025

1. «Diplomatic Club Astana» – 11 командалық ұпай, 10½ жеке ұпай, 56 – «қысқартылған» Бухгольц коэффициенті;

2. «MONUS» – 10, 8½, 55;

3. «Addis Ababa» – 10, 8½, 50;

4. «MFA Kazakhstan» – 9, 9½, 54;

5. «IOFS» – 8, 8, 45;

6. «Deutschland-1» – 7, 7½, 57;

7. «Indian Embassy» – 7, 7½, 57;

8. «Queen under cover» – 7, 7, 53;

9. «Istiqlol» – 7, 7, 52;

10. «АҚШ және Индонезии құрамасы» – 7, 7, 50;

11. «Отандастар» – 6, 7½, 60;

12. «British Knights» – 6, 6½, 48;

13. «Guest Hunters» – 6, 6, 52;

14. «NurAs» – 6, 6, 49;

15. «Somoniyon» – 5, 5, 46;

16. «Президент аудармашылары» – 0.

Жеңімпаз кубогы мен 800 000 теңге «Diplomatic Club Astana» командасына (Әлім Молдашев, Ильхан Өмірәлі) бұйырды, 2-ші орын мен ₸500 000 – «MONUS» командасына (Джамсран Батбаяр/Моңғолия, Ельдар Оспанов), ал 3-ші орын мен ₸200 000 – «Addis Ababa» командасына (Самат Нұртаза, Яков Фёдоров) тиесілі болды. Өткен жылғы чемпион IOFS командасы (Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы) құрамын толық өзгертіп, бұл жолы титулын қорғай алмады және тек 5-ші орынды иеленді.

Жеке есеп бойынша үздік үштік диплом және медальдармен марапатталды:

1-ші тақта:

1. Арвинд Ашвани Кумар (Үндістан, «Indian Embassy») – 5½ ұпай, 29 – Бухгольц коэффиценті;

2. Әлім Молдашев («Diplomatic Club Astana») – 5½ ұпай, 26,5;

3. Самат Нұртаза («Addis Ababa») – 5½ ұпай, 20,5;

2-ші ташта:

1. Ильхан Өмірәлі («Diplomatic Club Astana») – 5 ұпай, 25,5;

2. Әкетай Көркем («MFA Kazakhstan») – 5 ұпай, 25;

3. Айбат Қабдылманат («Guest Hunters») – 5 ұпай, 21.

Фотосурет: Арлан Олжабай

Турнир серіктестерінен арнайы сыйлықтар да табыс етілді: әйелдер арасындағы үздік ойыншы – 5 ұпай жинаған Әкетай Көркем («MFA Kazakhstan»), ал 50 жастан асқан қатысушылар арасында ең үздік нәтиже көрсеткен – Юрген Зайц («Deutschland-1»), оның нәтижесі – 4½ ұпай.

АҚШ-тың экс-президенті Ричард Никсонның кінәсін мойындаған әйгілі сұхбаттарымен танымал британ тележурналисі Дэвид Фрост бірде: «Дипломатия – бұл өз жолыңмен жүруге басқа адамды көндіру өнері» (Diplomacy, n. is the art of letting somebody else have your way) деген еді. Расымен, шахмат өнері де дәл осыны білдірмей ме?

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -