«Халықтық заңгер» акциясы еліміз бойынша 4 мыңнан астам маманды біріктірді

1672
Фотосурет: Gov

120 000-нан астам азамат «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында тегін құқықтық көмек алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Заң және Тәртіп» идеологемасын іске асыру мақсатында бүгін еліміздің барлық облыс және аудан орталықтарында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Бұл іс-шараның айрықшалығы – азаматтарды жаппай қабылдау мүмкіндігінде. Әрбір ниет білдіруші танымал адвокаттар мен білікті заңгерлерден тегін құқықтық кеңес алып, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларына тікелей сұрақ қою мүмкіндігін пайдаланды.

Акцияны Бас прокуратура Әділет министрлігімен, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, адвокаттардың, заңгерлердің, нотариустардың және сот орындаушыларының қатысуымен ұйымдастырды. Шараға «ZakonKZ» және «Параграф» желілік басылымдары қолдау көрсетті.

Осы маңызды әлеуметтік шараның арқасында 250-ден астам қала мен елді мекендегі 120 мыңнан астам қазақстандық өздерін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша тегін әрі білікті кеңестер алды.

Акция барысында келушілерге заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша түрлі ақпараттық буклеттер таратылды. Мысалы, шетелдік колл-орталықтардың азаматтардың телефондарына жаппай қоңырау шалу, фишингтік сілтемелер жіберу және жоғары табыс уәде ету арқылы оларды «дропперлікке» (банк шоттары мен карталарын үшінші тұлғаларға беру) тартуымен байланысты интернет-алаяқтықтардың өсуіне орай, азаматтарды бұл қылмыс түрлерінен қорғау бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, несиелерді ресімдеуді бұғаттау бойынша EGOV.kz және Kaspi.kz қызметтерінің тетіктері жан-жақты түсіндірілді. 

Биылғы жылы акцияға 4 мыңнан астам, заңгер, адвокат, нотариус қатысып прокуратура, әділет органдарының, әкімдіктердің, сот орындаушыларының және полицияның басшылар қатысып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -