ҚР ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысы: қазан айының қорытындылары

1650
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қазан айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазан айында Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 83 құқық бұзушылықты тіркеді:

  • 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 12;
  • 190-бап (алаяқтық) – 16;
  • 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) – 1;
  • 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) – 1;
  • 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 2;
  • 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 3;
  • 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;
  • 366-бап (пара алу) – 26;
  • 367-бап (пара беру) – 11;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 4;
  • 380-бап (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) – 1;
  • 394-бап (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) – 2;
  • 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) – 1;
  • 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 2.

 Сотқа келесі 54 қылмыстық іс жіберілді:

  • 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) – 1;
  • 189-бап (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 1;
  • 190-бап (алаяқтық) – 17;
  • 366-бап (пара алу) – 19;
  • 367-бап (пара беру) – 11;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 5.

 Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -