PwC Қазақстанның мемлекеттік қаражатты пайдалануды төмендететін банктерді реттеудің жаңа тетігінекөшуіноңбағалайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
PwC-дағы серіктес Альваро Бензо банктерді реттеу мемлекеттік қаражатты немесе салық төлеушілердің ақшасын пайдалану арқылы жүзеге асырылмауға тиіс екенін атап өтті.

Осыған байланысты Қазақстан жоспарлаған жаңа тетікке көшу қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және қаржы секторында тәуекелдердің әділ бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Жаңа реттеу жүйесі қаржы нарығының әрбір қатысушысына тиімді болуға тиіс, себебі ол жалпы қаржылық тұрақтылықты нығайтады. Жүйелі пайда мынада: барлық банктер – қиын жағдайға тап болғанына, реттеу рәсімінен өткеніне немесе штаттық режимде жұмыс істегеніне қарамастан, тұтастай алғанда қаржы жүйесінің тұрақтылығынан пайда көреді. Дағдарысқа қарсы басқарудың тиісті тетіктері мен кепілдіктерінің болмауы сөзсіз бүкіл қаржы жүйесі үшін проблемалар туғызады» Альваро Бензо
Сонымен қатар Бензо жаңа реттеу тетігі қаржылық дағдарыс жағдайында мемлекеттік қаражатты пайдалануды айтарлықтай азайтуға бағытталғанын қосымша атап өтті.
«Ex-ante (алдын алу) қор қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің және өміршең емес банктердің мәселесін шешудің орнықты құралы ретінде қарастыруға болар еді. Алайда, Агенттік ұсынған ex-post қаржыландыру моделі,егержарналар банк төлемгеқабілетсіз деп жарияланғаннанкейінжасалса,банкжүйесінетікелейжүктеменітөмендететінтеңдестірілгентәсіл болып табылады.Қазіргіжағдайдабұлқаржылықшығындар ментәуекелдердібөлутұрғысынан сараланған ымыраға келу болып табылады»,– деп толықтырды ол.
Сондай-ақ сарапшы реттеуші органдардың жауапкершілігі туралы мәселені қозғап, қаржылық реттеушілердің рөлі қаржылық дағдарыстардың салдарын жұмсарту және олардың қаржылық тұрақтылыққа теріс әсерін болдырмау екенін атап өтті.
«Егер біз әрбір ықтимал қаржылық дағдарысты болжауға және алдын алуға тырысатын болсақ, бұл қадағалау мен капиталға қойылатын талаптар тұрғысынан банк жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірер еді. Тәуекелдерді толығымен жоюға ұмтылу, яғни кез келген дағдарыстар немесе реттеу кезінде қосымша қаржылық шаралар қажет болатын жағдайға ұмтылу – капиталға қойылатын талаптарды едәуір арттыруды талап етер еді, бұл, өз кезегінде, банктердің экономикаға кредит беру мүмкіндіктерін шектер еді» Альваро Бензо