Республикалық «JARQYRA» кастингіне еліміз бойынша мыңнан астам қатысушы қатысты

1419
Фотосурет: freepik.com
«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдастыруымен ауқымды республикалық «JARQYRA» кастингі өтті.

Бұл кастинг еліміздің 19 қаласында бір мезетте өтіп, отандық кинематография тарихындағы ең ірі іс-шаралардың бірі болды. Іріктеуге 1000-нан астам адам қатысып, ұлттық киноның бір бөлігі болуға ниет білдірді.

Қатысушылардың анкеталары Сараптама кеңесі тарапынан мұқият қаралды. Бағалау кезінде актерлік қабілет, сахналық образды бейнелеу шеберлігі және кәсіби дамуға деген әлеует ескерілді. Кастинг қорытындысы бойынша 705 қатысушы Кино орталықтың актерлік базасына енгізілді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидың айтуынша, кастинг Қазақстанда қуатты шығармашылық әлеуеттің бар екенін және түрлі буын өкілдерінің кино саласында кәсіби жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті.

Айта кетейік, «JARQYRA» жобасы - ұлттық киноны дамытуға, саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға және отандық кинематографтың өркендеуіне үлес қосқысы келетін шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған.

Кастингтен өткен қатысушылардың анкеталары Кино орталығының ресми сайтына www.kazakhcinema.kz орналастырылды. Онлайн актерлік база продюсерлер мен кинокомпанияларға жаңа есімдерді ашуға, дарынды актерлерді табуға және болашақ фильмдерге шығармашылық топтар құруға мүмкіндік беретін заманауи құралға айналмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -