FlyArystan ашықтық пен сенімді арттыру үшін кері байланыс жүйесіне басымдық беріп отыр

3410
Фотосурет: FlyArystan

FlyArystan күн сайын он мыңдаған жолаушыларға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ашық және тиімді кері байланыс жүйесі жолаушылар сенімін сақтау, сервистің сапасын арттыру және туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін маңызды рөл атқарады. Барлық өтініштер – мессенджерлердегі хабарламалардан бастап ресми хаттар мен журналистік сауалдарға дейін – бірыңғай стандарттар бойынша өңделеді. Бұл ашықтықты, дәлдікті және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.

FlyArystan байланыс орталығы

Байланыс орталығы – әуекомпаниямен байланысудың ең жедел арнасы. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 150 мыңнан астам қоңыраудың 75,4%-ы операторлар тарапынан алғашқы 20 секунд ішінде қабылданған.

Байланыс орталығының агенттері тәулік бойы live-chat және WhatsApp мессенджері арқылы жолаушыларға рейстер, тарифтер, жолжүк тасымалдау ережелері, кестедегі өзгерістер, билет сатып алу және қосымша қызметтер бойынша өзекті ақпарат ұсынады.

Өткен жылғы деректерге сәйкес, әуекомпания ай сайын орта есеппен 3 300 жазбаша өтінішті және 26 500-ден астам хабарламаны (WhatsApp және live-chat арқылы) өңдейді.

Байланыс орталығына хабарласу тәсілдері:

  • WhatsApp мессенджері арқылы: 8 702 702 02 27;
  • FlyArystan қосымшасындағы немесе www.flyarystan.com сайтындағы live-chat арқылы;
  • Сайттағы кері байланыс формасын толтыру арқылы;
  • Байланыс нөмірі: 8 727 331 10 10 (жұмыс уақыты 08:00–20:00).

Әуекомпанияның әлеуметтік желідегі парақшалары

FlyArystan әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді және олар негізгі коммуникациялық арналарының бірі болып табылады.

Әуекомпанияның ресми парақшалары:

Пайдаланушылар әрқашан пікір қалдырып немесе жеке хабарлама арқылы өтініш жолдай алады. Барлық ресми аккаунттар арқылы келіп түскен пікірлер мен хабарламалар 08:00-ден 20:00-ге дейін тіркеліп, мамандар тарапынан өңделеді.

Клиенттермен жұмыс бөлімі

Егер мәселе тереңірек тексеруді қажет етсе, жолаушы өз өтінішін әуекомпанияның сайтындағы немесе қосымшасындағы кері байланыс формасы арқылы жібере алады. Өтініштер бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркеледі және оларға жеке нөмір (ID) беріледі – бұл ашықтықты және өтініш мәртебесін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Маңызды: өтініш жіберу кезінде жолаушы брондау нөмірін (PNR) немесе билет нөмірін дұрыс көрсетуі қажет. Егер қосымша ақпарат не құжаттар қажет болса, әуекомпания жолаушымен хабарласады. Барлық қажетті мәлімет алынғаннан кейін ғана өтініш қарау үдерісі жалғасады.

Әр өтініш келесі санаттар бойынша жіктеледі:

  • ақпараттық сауал;
  • ұсыныстар;
  • алғыс және өзге де санаттар.

Өтініш тиісті бөлімге жолданып, мұқият қарастырылады. Қажет болған жағдайда клиенттермен жұмыс қызметі басқа бөлімдермен өзара әрекеттесіп, толық және нақты жауап дайындайды. Барлық жауаптар жолаушыларға жіберілмес бұрын сапа қызметінің ішкі тексеруінен өтеді.

Жазбаша өтініштерді қарау мерзімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 күнтізбелік күннен аспайды

Баспасөз қызметі және БАҚ-пен байланыс

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жеке байланыс арнасы қарастырылған – FlyArystan баспасөз қызметімен pr@flyarystan.com ресми электронды поштасымен байланысуға болады.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес, әуекомпания журналистік сауалдарға олар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жауап ұсынады.

Егер сұралатын ақпарат бірнеше тараптардың (инстанциямен) келісуін қажет етсе, қарау мерзімі 15 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.

@flyarystan_inform арнасы – FlyArystan баспасөз қызметінің ресми Telegram-ресурсы. Мұнда жаңалықтар, баспасөз релиздері, хабарламалар және лоукостермен ұшуға қатысты танымдық материалдар жарияланады.

FlyArystan жолаушылардың өтініштері мен пікірлерін жүйелі түрде талдайды, қайталанатын мәселелерді анықтап, қызмет сапасын жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдайды. 2025 жылы осы талдаудың нәтижесінде компания тұтынушылардың қанағаттануын арттыруға бағытталған бірнеше бастаманы жүзеге асыруда:

  • рейстердің кешігу уақытын қысқарту үшін әуежайлармен өзара жұмысты оңтайландыру;
  • кестедегі өзгерістер кезінде жолаушыларды хабардар ету ережелерін жаңарту;
  • жолжүкті бақылау және өңдеу жүйесін жетілдіру.

FlyArystan үшін кері байланыс – қызметті дамыту мен жетілдірудің маңызды көзі. Әрбір пікір жолаушылардың қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге, тиімді шешімдерді енгізуге және FlyArystan компаниясына деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -