Павлодарлық Ұлттық ұлан ардагерлері зор құрметке лайық

1573
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Павлодар қаласындағы Ұлттық ұлан ардагерлері запастағы майор Сабыр Мусин мен отставкадағы прапорщик Сергей Рудаков зор құрметке лайық, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  5512, 6679  әскери бөлімдерінде абыройлы қызмет атқарған ардагерлер құқықтық тәртіп әскерінен бүгінге дейін байланысын үзбеді.

Әсіресе, Ұлттық ұлан сапына қосылған мерзімді әскери қызметшілердің  ант қабылдау рәсімінен бастап, әскери бөліммен қоштасқан сәтіне дейінгі түрлі  жауынгерлік қызмет пен мерейлі іс-шараларда қолдау танытып, жандарынан табылды.

Жауынгерлер ел қорғаны. Дегенмен ел қорғандарына да қамқорлық пен қолдау қажет. Мерзімді қызметін өтеген сарбаздар мені ұмытпай, әскерден кейін де хабарласып тұрады. Бұл – мен  үшін  үлкен құрмет, –  дейді запастағы майор Сабыр Мусин.

Запастағы майор Мусин Сабыр Ұлттық ұланның 5512 мен 6679 әскери бөлімдеріне табанды қызмет атқарған.  РХБ қорғаныс  қызметінің бастығы лауазымында  зейнетке шыққан офицер әскер қатарынан бір елі ажыраған емес. Сабыр Мусин 2022 жылдан бастап,  Павлодардағы Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде  ардагерлер  кеңесінің төрағасы атанып,  белсенді түрде басқарып  келеді. Ал отставкадағы прапорщик  Сергей Рудаков Таулы Қарабақ қақтығысының ардагері. Көрсеткен ерлігі үшін ол  I, II, III дәрежелі «Жеке ерлігі үшін» ордені және  «Мінсіз қызметі үшін»  I, II, III дәрежелі ордендерімен марапатталған.

Еске салайық, Шығыс өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесіне тоғыз жүзден  астам зейнеткер мүше боп тіркелген. Олардың ішінде оннан астам Ауған соғысының Тәжік-ауған шекара қақтығысының  және Таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлері бар. Олар ұландықтарға үлгі өнеге көрсетіп, патриоттық тәрбие беруде ересен үлестерін қосып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -