Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның негізі қаланған 10 жыл ішінде 55-тен астам жоба жүзеге асырылғаны жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, кәсіпорын 4,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салған, соның ішінде 3,6 миллион шаршы метрі – әлеуметтік нысандар.
Нұрлан Артықбаев Qazaq Stroy азаматтарды қолдауға және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асырып жатқанын айтты. Компания жыл сайын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 100-ден астам пәтер береді.