Қайтарылған активтер есебінен Көкшетауда жаңа спорт кешені салынып жатыр

990
Фотосурет: primeminister.kz

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталуда. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Спорт кешенінде олимпиадалық стандарттың сертификатталған құралдарымен жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар қарастырылған, бұл Көкшетауда республикалық және әлемдік деңгейдегі IBA жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.

Спорт кешенінің аумағында екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, ойын және жаттығу аймақтары, әмбебап спорт алаңдары және жеңіл атлетика аймағы орналасатын болады. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін арнайы құрал-жабдықтар қарастырылған.

Бұдан бөлек, өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған скалодром және мұнарасы бар әмбебап спорт залын ашу жоспарлануда. Мұнда кәсіби құтқарушыларды даярлайтын ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары өздерінің кәсіби дағдыларын арттыра алады.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық зал да қолжетімді болмақ.

Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілер жүргізілуде. Нысанның жалпы дайындығы – 85%. Осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл жобаны жүзеге асыру облыс орталығының тұрғындары үшін жыл бойы спорт нысандарының қолжетімділігі мәселелерін шешеді және азаматтардың барлық санаттарының спортпен шұғылдануына және саламатты өмір салтын сақтауға қатысуын арттырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -