Қазақстанда қар мен боран: қай өңірлерде ауа райы қолайсыз болады

1243
Фотосурет: freepik.com

Қазгидромет 6 қарашада Қазақстан өңірлеріне дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

  • Орталық және Солтүстік:
    Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында — қар, боран, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі 15–25 м/с дейін.
  • Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс:
    Жамбыл, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында — тұман, кей жерлерде көктайғақ, жел 20 м/с дейін.
  • Астана — қар, боран, көктайғақ, жел 15–20 м/с.
  • Алматы, Шымкент — тұман.

Дауылды ескертулер күтілуде:

Астана қ: кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысында қарсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында қар күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және тәңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, қөқтайғақ. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -