Астанада Қазақстанның үздік баспасөз қызметтері марапатталды

1595
Фотосурет: Gov

Astana Media Week 2025- апталығының соңғы күнінде жыл бойы коммуникация саласы бойынша жоғары кәсібилік пен нәтижелі жұмыс көрсеткен баспасөз қызметтерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Үздік баспасөз қызметі» атағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне берілді. Ал «Үздік баспасөз хатшысы» марапатына Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ие болды.

Биыл марапаттау бағдарламасына екі арнайы номинация қосылды. «Заң және тәртіп» арнайы сыйлығы құқықтық процестерді жүйелі түрде жариялап, БАҚ-пен тығыз байланыс орнатқаны үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне табысталды. Ал «Ұлтқа қызмет» арнайы сыйлығына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Динара Нұрғалиева лайық деп танылды.

Марапаттау рәсімінен бөлек, қатысушыларға медиа тренерлер мен сала сарапшыларының шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Кездесулер барысында журналистік материалдарды сауатты ұсыну, data-журналистика мен аналитика құралдарын қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің имиджі мен беделін қалыптастырудың заманауи тәсілдері талқыланды.

Astana Media Week – медиаиндустрия, мемлекеттік органдар мен коммуникация саласының кәсіби мамандарын біріктіретін маңызды іс-шара. 2025 жылы бұл апталық 5–7 қараша аралығында Астанада өтті. Іс-шара «Үркер» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімімен қорытындыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -