Қазақстан мен Boeing әріптестікті тереңдетіп жатыр

946
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында Air Astana әуе компаниясы мен Boeing компаниясы арасында Boeing 787-9 Dreamliner үлгісіндегі 15 ұшақты жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім бұрын тапсырыс берілген осындай үш әуе кемесін толықтырады. Келісімшарттың жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әуе паркінің жаңартылуы Air Astana компаниясына халықаралық бағыттар географиясын кеңейтуге, соның ішінде АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы мен Boeing арасындағы әріптестік те жалғасуда. 2035 жылға дейін 15 дана Boeing 737 ұшағын сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Қазаэронавигация» РМК мен америкалық Leidos компаниясы арасында аэронавигация жүйесін Skyline-X деңгейіне дейін жаңарту жөніндегі ынтымақтастық жалғасуда.

Аталған жобаларды іске асыру Қазақстандағы әуе қозғалысын басқару жүйесінің техникалық жарақтандырлу деңгейін және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -