Қазақстанда студенттерге арналған қаржылық сауаттылық бағдарламасы кеңейтілуде

1485
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат ЖОО студенттері арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келісім шеңберінде оқыту дәрістерін, вебинарларды, семинарларды және сарапшылардың консультацияларын өткізу жоспарлануда. Жеке бюджетті құру, шығыстарды басқару, инвестициялау негіздері және қаржылық қауіпсіздік сияқты практикалық аспектілерге ерекше назар аударылатын болады. Білім беру жобасы Fingramota.kz порталдың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Агенттік ел бойынша білім беру ұйымдарымен жүйелі түрде ынтымақтастық орнатып келеді. Осындай меморандумдар бұған дейін «Нархоз» университетімен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Almaty Management University, «Туран» университетімен, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Алматы экономикалық колледжімен және басқа да оқу орындарымен жасалған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -