Freedom Holding Corp. компаниясы 2026 фискалды жылғы ІІ тоқсандағы қаржы нәтижелерін жариялады, аталған фискалды жыл компания үшін 30 қыркүйекте аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
|
|
2026 ф.ж. ІІ тоқсан (2025 к.ж. шілде-қыркүйек) |
2026 ф.ж. І жарты жылдық (2025 к.ж. сәуір-қыркүйек) |
|
Түсім |
$526,1 млн |
$1 060 млн |
|
Салыққа дейінгі пайда |
$60,4 млн |
$101 млн |
|
Таза пайда |
$38,7 млн |
$69,1 млн |
|
Бір жай акцияға шаққандағы пайда* |
$0,65 |
$1,15 |
«Біз 2026 қаржы жылының екінші тоқсанында Freedom Holding Corp. компаниясының орнықты өсуінің келесі кезеңіне іргетас құру үшін мақсатты түрде инвестиция құюды жалғастырдық. Біздің нәтижелеріміз - бизнестің негізгі бағыттарының әлеуетін кеңейтуде, цифрлық және қаржылық инфрақұрылымды нығайтуда және компанияны болашақта кеңейтіп, тиімділікті арттыруға дайындауда саналы шешімнің көрінісі. Біз қазір трансформацияның белсенді кезеңіндеміз - бірыңғай платформада брокерлік қызмет көрсетуді, көрсетілетін банк және сақтандыру қызметтерін, телекоммуникацияларды және жаңа цифрлық сенвистерді біріктіретін интеграцияланған технологиялық экожүйе құрып жатырмыз. Бұл кезең болашақта неғұрлым мол табыс табуға мүмкіндік беретін операциялық іргетасты қалыптастыру үшін тәртіпті шығынды талап етеді. Біз бұл шығынды клиенттеріміздің мүддесі үшін стратегиялық инвестиция ретінде қарастырамыз. Біз қаржылық экожүйемізді қамтуды кеңейту, технологиялық инфрақұрылымды кеңейту және негізгі бизнестің табыстылығын арттыру сияқты ұзақ мерзімді стратегиямызды іске асыруға басты назар аударуды жалғастырамыз. Бүгін қалап отырған іргетасымыздың арқасында Freedom Holding Corp. орнықты өсуге қол жеткізіп, операциялық қызметтің тиімділігін арттырып, алдағы жылдары акционерлер үшін құндылықты арттыра алады» Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры
фото Руслан Пряников/Kapital.kz
2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш айдағы қаржылық нәтижелерге шолу
Компания өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 586,1 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 2026 қаржы жылының екінші тоқсаны үшін 526,1 млн АҚШ доллары мөлшерінде жиынтық түсімді (таза) көрсетті. Түсімнің серпіні комиссиялық кірістің, пайыздық кірістің және тауарларды сатудан және қызмет көрсетуден түскен түсімнің өсуіне байланысты, ол қайта сақтандыруды шегере отырып алынған сақтандыру сыйлықақыларының азаюымен, сауда бағалы қағаздарымен жасалған операциялардан таза қаржылық нәтиженің төмендеуімен, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша таза шығынмен өтелді.
2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қаражат пен оның баламасының, шектеулі қаражат пен инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады, жиынтық активтер 10,3 млрд АҚШ долларын, ал акционерлердің меншікті капиталы 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағыны 1 млрд АҚШ долларына жетті.
Клиенттердің жалпы саны 6,2 млн АҚШ долларына дейін өсті, оған 2026 ф.ж. II тоқсандағы барлық үш негізгі бизнес сегментінің клиенттер қорының өсуі кіреді: брокерлік шоттар 776 мың (93 мыңнан астам), сақтандыру компанияларының клиенттері 1,3 млн (115 мыңнан астам), көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар 3,6 млн (1,102 мыңнан астам), Freedom SuperApp-ты пайдаланушылар 3,1 млн (766 мыңнан астам).
Комиссиялар мен алымдардан түсетін кіріс 121,1 млн АҚШ долларына қарағанда 132,2 млн АҚШ долларына дейін өсті, бұл, ең алдымен, көрсетілетін банк қызметтерінің кірісі мен төлемдерді өңдеудің төмендеуімен ішінара өтелген брокерлік көрсетілетін қызметтердің кірісі мен агенттік комиссиялардың өсуіне байланысты.
Сауда бағалы қағаздар бойынша таза пайда 68,3 млн АҚШ долларына қарағанда 37,1 млн АҚШ долларын құрады, оның осылайша төмендеуі жергілікті борыш нарығындағы қысқа мерзімді раллиден кейін қазақстандық корпоративтік облигацияларды тиімді нарықтық бағамен сатудан туындады.
Жалпы шығын 2026 қаржы жылының екінші тоқсанында 457,7 млн АҚШ долларына қарағанда шамамен 465,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл еңбекақы төлеу қоры мен бонустардың, сақтандыру төлемдерінің, кәсіби қызмет шығынының және акциялардың өтемақысының өсуіне байланысты.
Есепті кезеңдегі маңызды оқиғалар
S&P халықаралық рейтингтік агенттігі «Freedom Life» ӨСК» АҚ-тың ұзақ мерзімді кредиттік және қаржылық орнықтылық рейтингін «BB» деңгейінен «BB+» деңгейіне дейін көтерді. Сондай-ақ, компанияның ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAA-»-тен «kzAA»-ға дейін көтерілді. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».
Ағымдағы жылғы тамыз айында әлемдегі ең ірі BlackRockd, Inc. инвестициялық компаниясы FRHC компаниясының акцияларына иелік ету үлесін 0,85%-ға дейін ұлғайтып, компанияның қағаздарына 89 млн АҚШ долларына жуық инвестиция құйды. BlackRock инвестициялық компаниясы Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турловтан кейін екінші ірі акционері атанды.
Freedom Holding Corp. акцияларының The Motley Fool консалтингтік компаниясы құрған Moneyball инвестициялық портфеліне қосылуы да маңызды оқиға болды. FRHC қағаздарына «Сатып алу» туралы инвестициялық ұсыным берілді. Moneyball - The Motley Fool компаниясының флагмандық инвестициялық стратегияларының бірі. Жыл сайын сарапшылар командасы терең іргелі талдауға, нарықтық үрдістерді бағалауға және өзінің жасанды интеллект платформасының деректеріне сүйене отырып, болашағы зор 250 компанияны таңдайды.
2025 жылғы қазан айында Freedom Holding Corp. виртуалды валютамен жұмыс істеу бойынша қызметтер көрсетуге маманданған Wallet Solutions компаниясындағы 100% үлесті сатып алуға шарт жасасты. Мәміле сомасы 1,9 млн АҚШ долларын құрайды және ол аяқталып қалды. Осындай сатып алудың арқасында холдинг цифрлық қаржы өнімдерінің спектрін кеңейтіп, заманауи қаржы технологиясы шешімдері нарығындағы орнын күшейте алады.
2025 жылғы шілде-қыркүйек айларында «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры орнықты даму жобаларын іске асыруға 16,5 млн АҚШ долларын жіберді.
7 қараша Freedom Holding Corp. пен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі NVIDIA жасанды интеллекттің тәуелсіз экзаскейл-инфрақұрылымы мен дарындық қасиеттерді дамыту бастамаларының көмегімен Қазақстан мен Орталық Азияның ЖИ (жасанды интеллект) саласындағы көшбасшылығын нығайту жөніндегі жоспарларын жариялады.
Бұл командалық бастама Freedom Holding Corp. басқаратын, NVIDIA жасанды интеллект инфрақұрылымына негізделген Қазақстандық тәуелсіз жасанды интеллект орталығын құру жоспарларын қоса алғанда, кезеңдік тәсілді көздейді.
Министрлік кең ауқымды жасанды интеллект инфрақұрылымын орналастыру және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді, сондай-ақ инженерлер мен талдаушыларды даярлау үшін жасанды интеллект академиясы мен зерттеу зертханасын құру сияқты бастамаларды қолдайды. Құны 2 млрд АҚШ доллары болатын күтілетін жоба Қазақстанда қолжетімді қуаттылығы 100 МВт алаңда іске асырылады. Freedom Holding Corp. қаржыландыру және іске асыру бойынша негізгі серіктес болуға ниетті.