Қазақстандық теннис жұлдызы жылдың ең беделді турнирін жеңіп алды

880
Фотосурет: Katelyn Mulcahy / Getty Images for WTA

Елена Рыбакина әлемдік теннис тарихына өз атын жазды – ол Азиядан шыққан алғашқы теннисші болып, WTA Итогтық турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен финал қазақстандық спортшының триумфымен аяқталды: шешуші матчта ол әлемнің бірінші ракеткасын, «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Аринa Соболенконы (Беларусь) 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңді.

Бұл жеңіс Рыбакинаға беделді трофеймен қатар 1500 рейтингтік ұпай және әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық 5,235 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде әкелді. Осы табыстың арқасында Елена 10 қараша, дүйсенбі күні жарияланатын WTA рейтингінде бесінші орынға көтеріледі.

1972 жылы турнир құрылғаннан бері Азия елдерінен ешбір спортшы Итогтық турнирдің чемпионы болмаған. Бұған дейін тек қытайлық Ли На (2013) мен Чжэн Циньвэнь (2024) финалға дейін жеткен еді.

Сонымен қатар, биылғы маусымда Елена 2016 жылдан бері 500-ден астам эйс орындаған алғашқы теннисші атанды — бұған соңғы рет Каролина Плишкова қол жеткізген болатын. Рыбакина сондай-ақ топ-10 спортшыларын қатарынан жеті рет жеңіп, үздік көрсеткішке ие.

Қазір қазақстандық теннисшінің еншісінде 11 WTA титулы бар, олардың ішінде екі WTA 1000 жүлдесі және Уимблдондағы жеңіс бар. Бұл жетістік Елена Рыбакинаны жалғыз разрядта осындай деңгейдегі табысқа жеткен алғашқы қазақстандық теннисші етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -