Қазгидромет еліміздің солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын мен боран күтілетінін ескертті, деп хабарлайды DKNews.kz.
- Қар 1-4 см: СҚО, Ақмола, Павлодар, Ұлытау, Абай, ШҚО, Қарағанды, Қостанайдың оңтүстігі
- Жауын / қармен аралас жаңбыр 1-4 мм: Қостанай, СҚО, Ұлытау, Абай, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда
- Жел 15-20 м/с: көп облыстың кейбір аудандарында
- Таңертең тұман: СҚО, ШҚО, Абай, Алматы, Түркістан
- Жоғары қауіп: СҚО, Ақмола, Павлодар, ШҚО солтүстігі, Ұлытау мен Қарағандының солтүстік аудандары
- Күндіз термометр төмен: Абай, Қарағанды, ШҚО таулары, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл
“Қазгидромет” РМК мәліметінше, 2025 жылғы 9 қарашаға арналған дауылды ескерту:
Астана қ: кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 10 қарашада түнде қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 10 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
Таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.