Павлодар облысында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді

902
Фотосурет: QazAvtoJol

9 қараша сағат 20:00-ден бастап Павлодар облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына 2025 жылғы 9 қараша сағат 20:00-де шектеу қойылады:

Абай облысы:

- "ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы" автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Семей қаласы).

Ақмола облысы:

- "Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы" автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы - Павлодар облысының шекарасы);

Қарағанды облысы:

- "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы);

- "Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы).

Жолды 2025 жылғы 10 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -