Алматыда бұрынғы Президент резиденциясының орнында сквер ашылды

1496
Фотосурет: Orbis Group

Қала орталығында жаңа қоғамдық сквердің абаттандырылуына Orbis Group компаниясы серіктес болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Экологиялық бастаманы жүзеге асыру аясында компания аумақты көгалдандыру және тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында 200 миллион теңге бөлді.

Компанияның қолдауымен Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында орналасқан саябақ аумағына түрлі сәндік және ірі ағаш түрлері - тал, жөке, алма ағаштары мен бірнеше сортты арша отырғызылды. Бұл өсімдіктер саябақтың жалпы ландшафтық бейнесіне үйлесімді түрде енді. Соның нәтижесінде кеңістік табиғи көлеңкелі әрі салқын ортаға айналып, жаз айларында тұрғындарға жайлы демалыс сыйлайтын орын болды.

Саябақта сондай-ақ Orbis Group қолдауымен ерекше стела орнатылды - граниттен, металдан және ағаштан жасалған сәулеттік элемент. Бұл нысан жаңа қалалық серуендеу бағыттарының айрықша белгісіне айналды. Алматылықтар мен қала қонақтары осы стеламен суретке түсіп, оны жаңа тартымды нүктеге айналдыруда.

«Біз бұл экологиялық бастаманы қуана қолдадық, өйткені Алматы қаласы барған сайын жасылданып, ауасы таза болғанын қалаймыз. Orbis Group компаниясының ағаш отырғызу мен осы аумақты абаттандыруға қосқан үлесі ерекше мәнге ие: қалада жасыл аймақтар неғұрлым көп болса, тұрғындардың өмір сапасы соғұрлым жоғары болады. Біз Алматыда осындай маңызды демалыс орындарының көбеюіне үлес қосқаны­мызға қуаныштымыз. Қалалық әкімдікке көрсеткен сенімі үшін алғыс айтамыз» Orbis Group компаниясының негізін қалаушысы Фаррух Махмудов

Жаңа сквер серуендеуге, спортпен шұғылдануға және таза ауада демалуға әрі кездесулер өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Orbis Group компаниясы экологиялық таза қалалық ортаны дамыту мен Қазақстан мегаполистерін көгалдандыруға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -