Қазақстан жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин топ жарды - 23.85.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық Максим Сказобцов екінші орынға көтерілді - 23.87. Қола жүлдені Абдельрахман Эльсайед (Мысыр) жеңіп алды - 23.90.