Жуантөбе ауылындағы жаңа өрт сөндіру бекеті 4,5 мың тұрғынның қауіпсіздігін арттырады

1067
Фотосурет: Gov

Түркістан облысы Созақ ауданының Жуантөбе ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Салтанатты ашылу рәсімін Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов өткізді. Жоба өңірдің өртке қарсы инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпкер, «Идеал Тех Строй» ЖШС директоры Рустам Русланұлының қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

  Министр мемлекет пен бизнес бірлесе отырып, әрбір азаматтың тұрғылықты жеріне қарамастан өз қауіпсіздігін сезініп, заманауи өрт сөндіру құралдарына қол жеткізуі үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

  Жаңа пункт жедел ден қоюға қажет барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген: техникаға арналған бокс, кезекші қызметкерлерге арналған үй-жай, ас үй, душ және демалыс бөлмесі бар. Бөлімше ведомстводан автоцистерна, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін, радиостанциялар мен қызметтік автокөлік алды. Салтанатты рәсім соңында қатысушылар жасыл желектер отырғызды. Ерікті өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдың 4,5 мыңнан астам тұрғыны үшін қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңызды қадам болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -