2025 жылғы қараша айында салық төлеушілер айлық және тоқсандық салық есептіліктерін уақытылы тапсырып, бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген мерзімдермен алдын ала танысып, барлық міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады. Бұл өсімпұлдар мен басқа да жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Салық есептіліктері:
17 қараша:
- 03 және 101.04 нысандары – 3-тоқсанға резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептер;
- 200.00 нысаны – 3-тоқсанға ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
- 300.00 нысаны – 3-тоқсанға ҚҚС бойынша декларация;
- 00 және 421.00 нысандары – қыркүйек айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп;
- 00 нысаны – 3-тоқсанға экспортқа рента салығы бойынша декларация;
- 590.00 нысаны – 3-тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
- 00 нысаны – 3-тоқсанға ойын бизнесі салығы бойынша декларация;
- 880.00 нысаны – 3-тоқсанға цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;
- 00 нысаны – 3-тоқсанға бөлшек салықтың АСР бойынша декларация.
20 қараша:
- 00 нысаны – қазан айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Төлемдер:
20 қараша:
- Қазан айына ЕАЭО-да ҚҚC;
- Қазан айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
25 қараша:
- Қараша айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
- Қазан айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
- Қазан айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
- Қазан айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;
- 3-тоқсанға бөлшек сауда салығының АСР қолданатын салық төлеушілерге КТС, ЖТС;
- 3-тоқсанға ҚҚС, экспортқа ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем;
- Заңды тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер;
- Радиожиілік спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;
- Қазан айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.