FlyArystan қысқы маусымда Алматы мен Астанадан Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

902
Фотосурет: FlyArystan

FlyArystan әуекомпаниясы Қазақстанның жетекші туроператорларымен бірлесе отырып, Алматы және Астана қалаларынан Солтүстік Гоа бағытына чартерлік бағдардамаларды іске қосады. Рейстер жаңа жыл мен қысқы туристік маусымға орай ұйымдастырылып, жолаушыларға мерекелік кезеңді Үнді мұхитының жағалауында қарсы алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Чартерлік бағдарламалар кестесі:

  • Алматы – Гоа – Алматы: 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап, сәрсенбі және жұма күндері.
  • Астана – Гоа – Астана: 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап, сейсенбі күндері.

Рейстер Солтүстік Гоа аймағында орналасқан Манохар халықаралық әуежайына (Manohar International Airport, GOX) орындалады. Бұл әуежай заманауи инфрақұрылымымен және танымал курорттарға ыңғайлы қолжетімділігімен ерекшеленеді, сол арқылы туристерге жайлы логистика мен қонақүйлерге тез жету мүмкіндігі ұсынады. Бағыттың атмосферасымен танысып, сапарды жоспарлауға арналған пайдалы кеңестер алу үшін FlyArystan компаниясының Low-Cost Travel айдарының жаңа шығарылымын YouTube арнасынан көруге болады.

Чартерлік бағдарламаның іске қосылуы – қазақстандықтардың қыс мезгілінде Гоаға демалуға деген тұрақты қызығушылығын және танымал туристік бағыттарға тікелей рейстерге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.

Турпакеттердің бағасы мен брондау мәселелері бойынша туристік агенттіктерге хабарласуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -